Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны.

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Жамбыл облысында полицейлер республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Сэм атты қызметтік иттің көмегімен үш келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады", – делінген хабарламада. 

Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адамды полиция қызметкерлері Аса – Тараз автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен. Есірткі заты көлік ішінен табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары