Тікелей эфир

Жамаубаев жаңарған министрліктердің әкімшілік шығындары қалай өтелетінін түсіндірді

Жаңа министрліктердің шығыны экономиканың өсімімімен жабылады.

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа министрліктердің шығыны экономикалық өсім есебінен жабылатынын айтты.

"Біз әлі шығындарды есептеген жоқпыз. Себебі, жаңартылған Үкіметтің ең алғашқы отырысы бүгін ғана болды. Жаңа министрліктерді бір айдың ішінде бөлеміз. Сосын қосымша шығындарды есептейміз. Байқасаңыздар, жаңа министрлік деген аты болмаса, бұлар – ескі министрліктен бөлініп шыққан ведомстволар. Сондықтан біздің мақсатымыз – жаңа министрліктерді осы бар қаражат көлемінде бөлу. Бұл министрліктер өз саласын алға жылжыту үшін құрылды. Бізде экономиканың жан-жақты салалары қарқынды өсіп келеді. Біздің міндетіміз – жылына 6-7 пайызға өсіру. Сол себепті экономиканың өсімі шыққан шығынды жабады",– деді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ, ол жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қалатынын, ал жаңа министр келсе, жаңа кабинет берілетінін айтты. 


Оқи отырыңыз: Самұрық-Қазына, Бәйтерек, Назарбаев әуежайының сыртқы қарыз мөлшеріне шектеу қойылады


 

Серіктестер жаңалықтары