ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.
Қазақстанның электронды үкімет порталына заң бойынша жалғызбасты ана санатына кімдер жататыны туралы сұрақ түсті.
"ҚР Еңбек кодексінің 185-бабының 1-тармағына сәйкес, жүкті әйелмен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен, 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамен, анасы жоқ аталған балалар санатын тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді. Ажырасқан әйел жалғызбасты ана санатына кіре ме?" – деп жазылған қолданушының сұрағында.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексінде еңбек шартын бұзбау жөнінде норма қарастырылғанын, алайда "жалғызбасты ана" ұғымына түсінік берілмейтінін айтты.
"Неке және отбасы туралы" кодексте заңды некеге тұрмай, дүниеге сәби әкелген әйел туралы айтылған. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, жалғызбасты әйел санатына некеде тұрмаған, жалғыз бала тәрбиелеп отырған әйел жатады. Осы тұрғыдан алғанда, Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жалғызбасты анаға некеде тұрмаған, бірақ жалғыз бала асырап отырған әйелді жатқызуға болады. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі бала (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала) тәрбиелеп отырған және қайтадан ресми некеге тұрмаған "ажырасқан әйел" де жалғызбасты ана санатына жатады", – деп жазылған министрлік жауабында.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттен – 2,5 млн теңгеге дейін. Ана мен балаға берілетін әлеуметтік көмектер қандай?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
254
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
225
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
235
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
225
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
226
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
182
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
171
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
171
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
171
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
181
-
0
-
0
-