Тікелей эфир

Ыстанбұлда Димаш Құдайбергеннің When I’ve Got You жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

Бейнебаян Алматыда түсірілген.

Ыстанбұлда Димаш Құдайберген When I’ve got you атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті. Премьера өнерпаздың Түркияда өтетін жеке концертіне байланысты баспасөз конференциясы аясында өтті, деп хабарлады Dimashnews.com

Бейнебаянның негізгі идеясы Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі. Режиссерлері Ғалым Асылов пен Жәнібек Ғұсманов. 

"Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз", – деді режиссер.

Оның айтуынша, бейнебаян түсіруге 70-тен астам Қытайдан келген мамандардың тартылған ал түсірілім жұмыстары Алматыда өткен. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалған.


Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген 30 жасын Түркияда атап өтеді


 

Серіктестер жаңалықтары