Тікелей эфир

ХІІ Жазғы универсиада - 2023: Ертең Ақтауда студенттер жарысы басталады

Жазғы ойындар 24 мамыр – 24 маусым аралығында өтеді.

Ертең Ақтауда жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІ жазғы Универсиада ойындары басталады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін жазғы ойын 24 мамыр – 24 маусым аралығында өтеді. Биыл универсиадасының ерекшелігі – барлық жарыстар бір аймақта ұйымдастырылады.

"Алдыңғы универсиада бағдарламаларында 30-дан аса спорт түрі болса, қазіргі таңда олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалды. Бұл  – саннан сапаға көшу. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық бердік", – дейді Yessenov University президенті Берік Ахметов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары