"Хандар шежіресі" қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық "Әлем жады" тізіміне енді

Фото: Ерлан Қариннің Facebook парақшасы
Фото: Ерлан Қариннің Facebook парақшасы
Қолжазба XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асады.

"Хандар шежіресі" қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық "Әлем жады" тізіміне енгізілді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. "Хандар шежіресі" қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат. ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады", – деп жазды Ерлан Қарин. 

Фото: Ерлан Қариннің Facebook парақшасы

Мемлекеттік кеңесшінің жазуынша, VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді. 

Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің және оның шәкірттерінің қолжазбалары, "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз