Халықаралық іздеуде жүрген Моңғолия азаматы Қазақстаннан табылды

Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды. 

Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған. 

"Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 миллион бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған. Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген", – делінген хабарламада. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз