Халықаралық бағдарламалар орталығы Флоридадағы атысқа байланысты мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images
Бұл штат университетінде қазақстандық 4 студент білім алады.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ АҚШ-тың Флорида штаты университетінің кампусында болған атыстан кейін мәлімдеме жасады. 

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ орын алған жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр және осы университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен тұрақты байланыс орнатқан. Қазіргі таңда Флорида штаты университетінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында 4 стипендиат білім алуда: оның 3-і магистратура, 1-і докторантура бағдарламасы бойынша. Барлық стипендиаттар аман-есен, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындап отыр", – делінген хабарламада. 

Орталықтың мәліметінше, осы жағдайға байланысты университет басшылығы барлық оқу үдерісін және іс-шараларды уақытша тоқтатқан. 

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ АҚШ аумағында жүрген барлық стипендиаттарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, сергек болуды және күмән тудыратын жағдайлар болса, дереу орталықпен байланысқа шығуды сұрайды. 

Еске салайық, 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, аталған оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алған. 


Оқи отырыңыз: Стрельба на территории университета во Флориде: нападавшим оказался сын заместителя шерифа


 

Серіктестер жаңалықтары