Халық әртісі Роза Бағланова туралы "Бұлбұл" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикая "Хабар" арнасынан көрсетіледі.

Жуырда КСРО халық әртісі және халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірі туралы сыр шертетін телехикая көрерменге жол тартады.

"2022 жылы 1 қаңтарда аты аңызға айналған КСРО халық әртісі және халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Осы орайда "Хабар" арнасы әншінің өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қилы кезеңдерін баяндайтын "Бұлбұл" телехикаясын көрермен назарына ұсынады", – делінген арна хабарламасында.

Телетуындыда бұлбұл үнді әншінің шығармашылық өмірі ғана емес, азаматтық ұстанымы бар қайраткерлік қырына да мән берілген. Роза Тәжібайқызының қиын балалық шағы, отбасылық өмірі, Ташкент тоқыма институтында оқуы және майдан даласында өнер көрсетуі телехикая барысында тізбектеле түседі.

Аралға араша түсіп, полигон зардабын шегіп жатқан халықтың жанайқайын жеткізген азаматтық үні оның жай әнші ғана емес, ел ертеңін ойлар тұлға екенін көрсетеді.

Еске салсақ, Серік Сәпиев туралы биографиялық драманың 1 желтоқсанда прокатқа шығатыны туралы хабарлаған едік. Режиссер Ақан Сатаев фильмді түсіруге екі жылға жуық уақыт кеткенін айтты.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары