Новости спорта

Wildberries Алматыда логистикалық орталық салады

Жоба алматылық кәсіпкерлерге бизнесін онлайн-сауда нарығында кеңейтуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Wildberries негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен кездесіп, логистикалық орталықтың құрылысын талқылады. Халықаралық маркетплейс құрылысқа шамамен 100 млн доллар құюды жоспарлап отыр, деп хабарлады қала әкімдігі. 

Жоба алматылық кәсіпкерлерге бизнесін онлайн-сауда нарығында кеңейтуге мүмкіндік береді. Татьяна Бакальчуктың айтуынша, логистикалық орталықтың құрылысы қазақстандық өндірушілер үшін Wildberries-пен айналысатын барлық өңірдегі нарыққа автоматты түрде жол ашады. Алаңда қазақстандық өндірушілердің өнімі ұсынылған және жақын арада ассортимент көбейеді.

"Бұл жергілікті және шетелдік инвестор үшін де бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға қосымша мүмкіндік", – деді әкім Ерболат Досаев.


Оқи отырыңыз: Aliexpress-тен қалай салық төлемей зат сатып алуға болады? Өзекті 10 сұраққа жауап


Келіссөздер соңында тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары