Тікелей эфир

WhatsApp-тан Telegram-ға хат жазу мүмкіндігі 2025 жылы ашылады

Ал түрлі мессенджер арасында аудио және видео байланыс 2027 жылға қарай қолжетімді болуы мүмкін.

The Verge басылымының хабарлауынша, келер жылдан бастап WhatsApp мессенджерлерінің қолданушылары тікелей Telegram мессенджеріне хат-хабарлама жібере алады. Бірақ, ескерту: бұл тек ЕуроОдақ аумағындағы елдерге қатысты. 

Бұған Еуропалық одақта цифрлық нарықтар туралы жаңа заңнама ықпал етеді. Бұл заңнама түрлі мессенджерлер арасында сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған. 

The Verge жазуы бойынша, WhatsApp мессенджеріне иелік ететін Meta компаниясы Telegram және өзге де мессенджерлер арасында хат алмасу мүмкіндігін еру қажет болады. Бұл функцияны іске қосу бірте-бірте жүзеге асады және қолжетімділік іске қосылған кезде WhatsApp не өзге де мессенджер иесіне хабарлама келеді. 

"Meta компаниясы бұдан бөлек, хабарламаға реакция білдіру, оқылғаны туралы хабар беру сынды қосалқы функцияларды да қосуды жоспарлап отыр. Ал 2027 жылға қарай компания түрлі мессенджерлер арасында аудио және видеобайланыс жасау мүмкіндігін іске қосады", – делінген The Verge материалында. 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары