Прямой эфир Новости спорта

WhatsApp экс-қызметкерлері жаңа HalloApp әлеуметтік желісін іске қосты

Мессенджерге тек телефон нөмірі арқылы тіркелуге және телефон кітапшасында сақталған адамдармен ғана достасуға болады. 

WhatsApp желісі компаниясының бұрынғы бизнес директоры Нирадж Арора мен техникалық директоры Майкл Донохью тек ұялы телефонмен қолдануға болатын жаңа HalloApp желісін іске қосты. Бұл мессенджерге тек телефон нөмірі арқылы тіркелуге және телефон кітапшасында сақталған адамдармен ғана достасуға болады. 

Әзірлеушілер бұл өнімін "Дәстүрлі әлеуметтік желілерге қарсы ем. Виртуалды емес, шын адамдармен ғана сөйлесуге мүмкіндік беретін қосымша" деп сипаттап отыр. Әлеуметтік желіде артық контент және жарнама болмайды. Сонымен бірге ол қолданушылардың жеке мәліметтері әрдайым құпия сақталатынымен ерекшеленеді.  

"Чатта сізге қажетсіз хабарламалар болмайды. Яғни, сіздің чаттарды желі алгоритмі емес, өзіңіз реттеп отырасыз", – деп жазды әзірлеушілер HalloApp блогында. 

Android және iOS жүйесінде қолжетімді қосымшада 4 бөлім бар:

  • достардан келген хаттар;
  • топтық чат;
  • жеке жазбалар;
  • баптаулар. 

Қазір HalloApp желісін пайдалану толықтай тегін. Алайда алдағы уақытта ақылы негіздегі мүмкіндіктер пайда болады деп жоспарланған. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары