Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, оған бес академиялық кредит есептеліп, 50 мың теңге беріледі.
Қазақстанда волонтер-студенттерді материалдық ынталандыру жүйесі енгізілді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Енді волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын білім алушылар атқарған еңбегі үшін ақшалай сыйақы ала бастайды. Сондай-ақ, академиялық кредиттер есептелуі мүмкін. Бұл шешім әлеуметтік маңызды қызметпен айналысатын белсенді студенттердің санын көбейту мақсатында қабылданып отыр.
"Министрлік жастардың бастамаларына ерекше ден қойып, олардың бастамаларын қолдайды. Мәселен, енді 20 сағаттық волонтерлік қызмет үшін студенттерге ваучер түрінде кредит беріледі. Бұл студент оқитын жоғары оқу орнында/білім беру ұйымында екі академиялық кредитті (сағатты) есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ студент 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алады. Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, оған бес академиялық кредит (сағат) есептеліп, 50 мың теңге төленеді", – деді БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.
Айта кетейік, волонтер-студенттерге арналған төлемдер тілдерді оқыту және компьютерлік сауаттылық бойынша репетиторлық қызмет үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, сонымен бірге аула және спорт клубтарын ұйымдастырғаны үшін, балалар, қарттар және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс, қоршаған ортаны қорғау және басқа да қызметтер үшін қарастырылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
271
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
237
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
248
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
239
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
243
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
200
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
189
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
192
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
190
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
198
-
0
-
0
-