Тікелей эфир

Владимир Путин 9 қараша күні Астанаға келеді

Сапар барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.


Оқи отырыңыз: Владимир Путин Кенесары ханның бас сүйегін тауып, Қазақстанға қайтаруға уәде етті


 

Серіктестер жаңалықтары