USD: 470.5 / 473.5
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.83 / 5.95
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

"Варикозды емдеймін". Атырауда хирург пациенттерден заңсыз ақша алып, ота жасаған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дәрігер МӘМС арқылы тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған.

Атырау облысында варикозды емдетуге келген пациенттерді алдады деген күдікке ілінген хирург-дәрігерге қатысты тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2023–2025 жылдар аралығында Family Health Clinic ЖШС мен "Ким В." жеке клиникасында жұмыс істеген кезде пациенттерден заңсыз ақша алып отырған.

ҚМА-ның мәліметіне сәйкес, дәрігер варикозға жасалатын операциялардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілетінін пациенттерден жасырған. Соның салдарынан 42 адам оның жеке есепшотына жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

"Сонымен қатар күдікті өзі жұмыс істеген медициналық ұйымдардың базасы арқылы DamuMed жүйесіне пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетілгені туралы мәлімет енгізіп отырған. Соның негізінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан аталған операциялар үшін емханаларға тағы 14,8 миллион теңгеден астам қаржы төленген. Осылайша, тергеу нұсқасы бойынша, дәрігер бір жағынан пациенттердің қаражатын заңсыз иемденсе, екінші жағынан МӘМС қорының қаражаты да пайдаланылған", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алғаны анықталған.

Қазір күдіктіге қатысты елден кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу аяқталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау