Үстіртте сирек кездесетін Орталық Азия барысы фототұзаққа түсті

Үстіртте сирек кездесетін Орталық Азия барысы фототұзаққа түсті
Орталық Азия барысы осымен бесінші рет фототұзақ объективіне ілікті.

Үстірт мемлекеттік қорығында Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті. Бұл туралы экология және табиғи ресрустар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Орталық Азия барысы бесінші рет фототұзақ объективіне түсіп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсетті. Бұл фототұзақ Орталық Азия барысты зерттеу мен қорғауға бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған еді.

2024 жылғы 29 қазаннан 21 желтоқсанға дейін фототұзақтар барысты төрт рет тіркеген. Бүгін бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау