Үсік, жел, жаңбыр: 6 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Синоптиктер болжамы белгілі болды.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

"Қазгидрометтің" болжамынша, Алматыда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысы мен шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан қатты жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с болады. Батысы мен солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында ертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с, кей жерде 25 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл маңында 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 5 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл соғады. Таңертең және күндіз жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында ертең шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың солтүстігі, батысы және таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді. Солтүстігі, оңтүстігі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары