USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Үсік, жаңбыр, жел: Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
"Қазгидромет" 23 мамыр, жұмаға ауа райы болжамын жасады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, жел күшейеді, үсік жүреді.

Қызылордада шаңды дауыл, жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда және Маңғыстау облысында тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды, Қонаев, Талдықорған, Ақтөбе қалаларында және Ақтөбе облысында күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы қаласында, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Жетісу облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау