Фильм негізінен Қазақстан мен Германияда түсірілді.
Продюсер Гүлнәр Сәрсенова бастаған Eurasia Film Production кинокомпаниясының түсірілім тобы 3 жыл жұмыс істеген "Нартай" фильмі көрерменге жол тартады. Ол еліміздің кинотеатрларынан 5 мамырдан бастап көрсетіле бастайды.
Фильмде 1991 жылғы оқиға баяндалған. Сюжеттің бас кейіпкері Нартай Сапарғалиев. Оны КСРО-дан Германияға қашып кеткен орыс эквилибристі танкімен бірге кездейсоқ ұрлап әкетеді. Жарқын қазақ жігіті шет елде достар тауып, Мюнхеннің басты алаңында – Мариенплацта әртіс болып жұмыс істейді және жолында кездескен кез келген адамға өзінің керемет батылдығын, тапқырлығы мен әзілін көрсетеді.
Фильм Владимира Куниннің "Русские на Мариенплац" романының желісімен түсірілген. Сценарийін "Мамы", "Возвращение Мухтара", "Любовь-морковь 3", "Побег" және "Мажор" картиналары арқылы танымал болған Сергей Калужанов жазды.
"Әрине, әр көрермен "Нартайдан" өзіне жақын бір нәрсені табады. Бірақ, мен үшін бұл ең алдымен түрлі ұлт пен түрлі буынның достастығы. Фильм кейіпкерлерінің қарапайымдылығы мен шынайылығы жасына, ұлтына немесе саяси көзқарасына қарамастан көрермендердің жүрегін жылытады деп сенемін", – деді продюсер Гүлнәр Сәрсенова.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттің қаржылық қолдауымен түсіріліп жатқан 17 фильм
Басты рөлге көптеген отандық актерлер, соның ішінде Асылхан Төлепов пен Жандос Айбасов үміткер болды. Алайда, авторлардың таңдауы Шәріпбек Зәкіровке түсті. Бір қызығы, бұл оның қатысуымен соңғы айда шығатын киноорталықтың үшінші жобасы ("1941 жылдың жазы", "Патриоттар уақыты") және актердің басты рөлді сомдаған алғашқы фильмі.
Сондай-ақ, фильмге Григорий Чабан мен Анна Старченко, және олардың неміс әріптестері қатысты. Фильмнің қоюшы-операторы – Азамат Дулатов. Фильм негізінен Қазақстан мен Германияда түсірілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-