USD: 467.5 / 470.1
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Үш республикалық автожолда ақылы жүйе іске қосылады

Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz
"ҚазАвтоЖол" жаңа ақылы жолдар мен жылдамдық шектеулерін жариялады.

Қазақстанда 10 және 11 шілдеден бастап тағы үш республикалық автожол учаскесінде ақылы жүйе іске қосылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

10 шілдеден бастап ақылы режим келесі жолдарда енгізіледі:

  • "Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал" автожолы. Бұл бағыт бойынша жылдық абонементті Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм және Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Балқаш пен Приозерск қалаларының тұрғындары рәсімдей алады.
  • "Бұрылбайтал – Құрты" автожолы. Жылдық абонемент Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген жүргізушілерге қолжетімді.

Аталған екі жолда көлік құралдары үшін рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – сағатына 140 шақырым.

  • Ал 11 шілдеден бастап "Талдықорған – Өскемен" автожолының учаскесі ақылы болады. Жылдық абонементті Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Үржар, Аягөз, Жарма және Ұлан аудандарында тіркелген пайдаланушылар ала алады.

Бұл бағытта I-б санатындағы учаскеде рұқсат етілген жылдамдық 110 км/сағ, ал II санатындағы учаскеде 100 км/сағ болады.

Жүргізушілер абоненттік төлемді kaztoll.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, 1403 байланыс орталығы арқылы, ақы алу пункттерінде немесе клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында рәсімдей алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау