Үш мыңнан астам студент: туризм мамандары қайда даярланады

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Халықаралық туризм және меймандостық университеті – Қазақстандағы туризм саласына маманданған алғашқы жоғары оқу орны.

Қазақстанға 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елге шамамен 7 миллион турист келді. Туристік ағынның өсуімен бірге білікті кадрларға деген сұраныс та артып отыр.

Салаға қажетті мамандарды даярлау ісіне Туризм және спорт министрлігі ерекше мән береді. Осы бағыттағы негізгі білім беру орталықтарының бірі – Халықаралық туризм және меймандостық университеті. Бұл – Қазақстандағы туризм саласына маманданған алғашқы жоғары оқу орны.

Қазіргі таңда университетте 3 мыңнан астам студент білім алады. Оқу 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оның ішінде 8 бакалавриат және 4 магистратура бағдарламасы бар. Бүгінде 200-ден астам магистрант білімін жалғастыруда. Олардың қатарында Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген студенттер де бар.

Студенттер туризм, қонақүй және мейрамхана ісі, экскурсиялық қызмет, спорттық туризм, іс-шаралар менеджменті және басқа да бағыттар бойынша білім алады.

"Оқу үдерісінде тәжірибеге ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер Қазақстанның жетекші қонақүйлерінде, сондай-ақ Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бес жұлдызды қонақүйлерде тағылымдамадан өтеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан, Түркия және Малайзия университеттерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік бар. Университеттің мүмкіндіктері туризм саласындағы білім берумен ғана шектелмейді. 2023 жылы мұнда Түркістан облысындағы жалғыз әскери кафедра ашылды. Әскери даярлық бес әскери-есептік мамандық бойынша жүргізіледі", – делінген хабарламада.

2025 жылдың қорытындысы бойынша университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 91,3%-ды құрады. Ал 2026 жылы бүгінгі күнге дейін 1 229 түлектің 831-і, яғни 67,6%-ы жұмысқа орналасқан.

Қазіргі туризм саласына кәсіби білімін практикалық тәжірибемен және халықаралық құзыреттермен ұштастыра алатын мамандар қажет. Халықаралық туризм және меймандостық университеті дәл осындай білікті кадрларды даярлап келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау