21 шілдеде Қытайдың Үрімжі қаласынан жолға шыққан Бүрлен Әділетқызы Қазақстанның Қарағанды облысына жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің авторы Ризабек Нүсіпбекұлы хабарлады.
Оның жазуынша, Бүрлен Әділетқызы Шынжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Ол Қазақстан – Қытай арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл сапарды көптен бері ойластырып жүр едім. Тәуекелге бел буып, 21 шілде Үрімжі қаласынан жолға шықтым. Көңілімде қатты алаң болмады, өзіме сенімді болдым. Бұйырса мәреге жақындап қалдым. Басты мақсатым – екі елдің достығын насихаттау. Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим орнағаннан бері, саяхатшылардың саны артып келеді", – деді Бүрлен Әділетқызы.
Ол күніне 100-150 шақырым жол жүріп отыр.
"Күннің ыстығы аздап қиындықтар тудырды. Қызуым көтеріліп, ауырған күндерім болды. Жолдағы қаңғыбас иттерден қашқан кездерім бар. Алдымнан кездескен адамдардың барлығы қолдау білдіріп, суын беріп, тамағымен бөлісіп, көмектерін көрсетіп жатыр. "Жол азабын жүрген біледі" демекші, бұл сапар қиындығы мен қызы мол, өмірімнің бір белесі ретінде естеқаларлық ерекше күнге айналары сөзсіз. Қазақтың кең даласын көріп, көркем табиғатына көзім тоймай келеді", – деді саяхатшы қыз тілшіге берген сұхбатында.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық 74 жастағы марафоншы Қытайға жаяу барады