ҰҚК шекара қызметіне 270 адам әскери жиындарға шақырылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Олар бір ай бойы ҰҚК шекара қызметінің Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде әскери жиындардан өтеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі биыл әскери міндетті 270 адамды 30 күндік әскери жиындарға шақыруды жоспарлап отыр. ҰҚК төрағасы бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында 15 сәуірге дейін қоғамдық талқы үшін жарияланды. 

Әскери жиындарға шақырылғандар ҰҚК шекара қызметінің Алматы, Түркістан және БҚО облыстарындағы департаменттерінде (әрбірінде 75 адамнан) әскери білім және машықтарын үйренеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 2025 жылы Қазақстанда 41 мыңнан астам адам мерзімді әскери қызметке шақырылатынын хабарлаған болатын.


Оқи отырыңыз: 2025 жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз