Мақсат Нариманов қауіпсіздік қызметкерлерінің балаларын балабақша, мектеппен қамту керегін айтты.
Елдегі қауіпсіздік қызметкерлері алаңсыз жұмыс істеуі үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту маңызды, деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры Мақсат Нариманов. Сондай-ақ, ол елдегі қауіпсіздік қызметкерлерінің тәртіпсіздік кезінде неге әлсіздік танытқанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Біріншіден, тәртіп сақшылары, полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік қызметі және гвардияшылар халқымызға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Олар оқ атады, қол көтереді деп ойламады. Жоғарыдағы қызметкерлердің барлығы халық бейбіт шеруге шықты, сол жерде өз ойы мен пікірін айтады деп барды", – деді Мақсат Нариманов.
Оқи отырыңыз: ҰҚК террорлық актілерге қатысы бар адамдарды іздеу нәтижелерін жария етті
Әрі қарай ол тәртіп сақшыларының қаладағы бүлікке көліктерінің де, үстіндегі киімдерінің де дайын болмағанын айтты. Мұнымен қатар, ол қауіпсіздік саласындағы сапаға тікелей қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының әсер ететініне тоқталды.
"Ең бірінші полиция қызметкерлері немесе ұлттық қауіпсіздік комитеті болсын, ұлттық ұлан немесе басқа да қарулы күштер болсын – азаматтарды қызметке алғанда санға да, сапаға да үлкен назар аударуымыз керек. Оларда еліміз бен отанымызға деген сүйіспеншілігі, жоғары сана-сезім болғаны жөн. Екіншіден, қызметке алынған полицейлердің әлеуметтік жағдайының жақсы болғаны дұрыс. Жалақысы жақсы болуы керек десек те, оны әлемдегі талаптарға сай көтеру қиын. Десе де, олардан кем қалмауға тырысуымыз керек. Оларды үй-пәтермен, бала-шағасын балабақша, мектеппен қамтып – барлық жағдайын жасаса, алаңдамай қоғамдық қауіпсіздік қызметін атқарып, отанымызға, халқымызға адал қызмет етеді", – деді генерал-майор.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-