Үндістанның киногерлері Қазақстанда фильм түсіруге қызығушылық танытты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алғашқы бірлескен жобаның түсірілімі 2026 жылға жоспарланған.

Үндістандағы 55-ші IFFI халықаралық кинофестивалінде Қазақстан туризмінің медиа-амбассадоры және халықаралық жобалардың продюсері Надира Ахонова шетелдік кинематографистерге  Қазақстанды перспективалық бағыт ретінде таныстырды, деп хабарлады Kazakh Tourism ұлттық компаниясы

"Біз Қазақстанға ірі халықаралық жобаларды тарту мақсатында шетелдік киноөндірушілермен келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз. Үндістандық продюсерлер мен студиялар елге қызығушылық танытып, көркем және деректі фильмдер түсіру мүмкіндігін қарастыруда. Алғашқы жобамыз бойынша Алматыда рекогносцировка жүргізіліп, даладағы және таудағы локациялар таңдалды. Сондай-ақ, жергілікті мамандардан құралған команданы қалыптастыру басталды. Бұл туристік әлеуетімізді кино арқылы паш етумен қатар екіжақты шығармашылық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадамға айналады", – деді Надира Ахонова.

Компанияның мәлімдеуінше, жаңа фильм Қазақстанның туристік әлеуетін Үндістан тұрғындарына және әлемнің басқа елдеріне таныстырады. Кинокартинада бірегейлік, мәдени өзара әрекеттестік және адами құндылықтар тақырыптары қамтылады. 

Халықаралық жобаның түсірілімі Қазақстанның тартымды креативтік алаң ретіндегі имиджін нығайтуға септігін тигізеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз