Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
"Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 110 адамға жетті
Еске салсақ, ұшақта кем дегенде 242 жолаушы болған. Ұшақ Астана уақыты бойынша 13:08-де әуежайдан Лондонға ұшып шыққан және бес минуттан кейін апатқа ұшыраған.
lw-3094948329-1
USD:
509.1 / 514.1
EUR:
595.0 / 601.0
RUB:
6.37 / 6.49