Үндістан мен Қазақстан жасанды интеллект саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады

Фото: Primeminister.kz сайты
Фото: Primeminister.kz сайты
2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 923,3 млн АҚШ долларын құрады.

Нью-Делиде өткен India AI Impact Summit 2026 аясында Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелері талқыланды. Саммит шеңберінде Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди екіжақты келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, цифрлық трансформация, сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, ауыл шаруашылығы және озық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты жеделдету мәселелерін талқылады. Олжас Бектенов Үндістан басшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізсе, Нарендра Моди Қазақстан басшылығына ізгі тілегін білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін атап өтті.

Экономикалық ынтымақтастық келіссөздердің басты тақырыптарының бірі болды. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 923,3 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан тарапы жалпы құны 150 млн долларды құрайтын 40-қа жуық өнім санаты бойынша экспортты ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, стратегиялық маңызды минералдар, сирек жер элементтері, ғарыш саласы және қорғаныс өнеркәсібі перспективалы бағыттар ретінде аталды.

Фото: Primeminister.kz сайты

Саммит барысында жасанды интеллект болашақ әріптестіктің негізгі тірегіне айналатыны атап өтілді. Олжас Бектенов өз сөзінде AI инклюзивті, егемен және трансформациялық сипатта дамуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық даму қарқыны жоғары екенін, электронды үкімет саласындағы халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындарда тұрғанын және алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу мақсаты бар екенін жеткізді.

Қазақстан өзін өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптастыруға ұмтылуда. Бұл бағытта инновация мен бақылаудың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект туралы заң қабылданып, ірі суперкомпьютерлік кластерлер іске қосылды. Сонымен қатар, жаһандық технологиялық компаниялармен бірлесіп, ұлттық егемен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің аяқталуы Азия мен Еуропа арасындағы деректер тасымалы үшін балама әрі жылдам бағыт қалыптастырып, Қазақстанның цифрлық көпір ретіндегі рөлін күшейтпек.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Үндістанның өзара толықтыратын әлеуеті жасанды интеллект саласында кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан жоғары білім беру жүйесіне AI технологияларын енгізіп, білікті цифрлық кадрлар даярлауға басымдық берсе, Үндістан ғылыми-зерттеу экожүйесі мен цифрлық мемлекеттік инфрақұрылымдағы тәжірибесімен бөлісе алады.

Олжас Бектенов пен Нарендра Моди арасындағы кездесу екі ел қарым-қатынасында озық технологиялардың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетті. Тараптар инновацияға, кадр даярлауға және цифрлық инфрақұрылымға негізделген, адам игілігін алдыңғы орынға қоятын әріптестікті дамытуға ниетті екенін растады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз