Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында тағы бір әуе рейсі ашылады

Фото: pac.ru
Фото: pac.ru
Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына үш рет жиілікпен орындалады.

Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. 

Бұл туралы Қазақстанның авиациялық билігінің Indigo Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесуінде белгілі болды.

"Биылғы жылдың 14 мамырынан бастап Indigo әуе компаниясы Астана–Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына үш рет жиілікпен орындалады", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар бұған дейін хабарланғандай, Air Astana әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап Airbus үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына үш рет жиілікпен Алматы–Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы–Дели, Алматы–Гоа, Астана–Гоа бағыттары бойынша орындалады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары