Ата-аналар жекеменшік мектеп ашылғалы бері тынышы қашқанына налып отыр.
Түркістан облысының Ақсу ауылындағы ата-аналар балаларын жаңадан ашылған жекеменшік мектепте оқытуға қарсы. Айтуларынша, білім ұясының ұжымы оларды баласын мемлекеттік мектептен жекеменшік мектепке ауыстыруға барынша үгіттеп жатыр. Ол үшін азық-түлік таратып, қызықтыруға көшкен, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Ата-аналар жекеменшік мектеп ашылғалы бері тынышы қашқанына налып отыр. Айтуларынша, екі күннің бірінде сол ұжымның қызметкерлері үйге келіп, үгіт жүргізіп, мазасын алған.
"Қазірбасқа мектепке өткізесіңдер деп үгіт жүргізіп жатыр. Бір қап ұн, бір құты маймен баланың өмірін сатып ала ала ма? Сатып ала алмайды", – дейді ата-аналардың бірі Гүлмира Юлдашқызы.
Ата-аналар әзірге тегін оқып жүрген балаларын бірер жылда ақылы білім алуға мәжбүрлей ме деп те үрейленеді. Мұғалімдер де жекеменшік мектепке ауысуға қорқып отыр. Айтуларынша, ол жақта еңбекақыға ауыл квотасы қосылмайды деген сыбыс естіген.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп оқулықтарын таңдауға оқушылар мен ата-аналар да қатыса алады
- Оқушыларға мектепте киюге рұқсат етілетін киімдер тізімі жаңарды
Ал тиісті басқарма басшылығының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік мектепте жағдай қарастырылмаған: спорт зал, асхана жоқ, сыныптар тар. "Нысанда техникалық кемшіліктер бар" деген ол жеке мектепке ауысатын оқушыларға ешқандай қиындық туындамайтынын айтып отыр.
"Мысалы 3 "б" сыныбы ауысса, сол жаққа сыныбымен, мұғалімімен барады. Ол жерде қандай психологиялық өзгеріс бар. Тек қана тар, кішкентай мектептен, кең үлкен, зәулім мектепке барады", – дейді Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова.
Арна тілшісі жекеменшік мектептің өкілінен үгіт-насихат үшін ұн мен май таратқаны туралы әңгіменің рас-өтірігін сұраған.
"Ондай нәрсе жоқ. Біз мұндаймен айналыспаймыз", – деді мектеп өкілі.
Сонымен қатар жаңа ұжым өкілдері әр балаға білім бергені үшін жеке мектепке мемлекеттен қаржы қаралатынын, сондықтан оқу процесі тегін болатынын айтады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-