2023 жылы Қазақстан бизнесі үшін сын-қатерлер көп болды. Дегенмен, ел экономикасы 5% өсіп, бәріміз үшін жақсы нәтиже көрсетті, деп мәлімдеді "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен Womеn in Business іскерлік форумы кезінде.
"Алдағы уақытта бұл алаңда әйелдер кәсіпкерлігі туралы ғана емес, жалпы Қазақстандағы кәсіпкерлік туралы да айтамыз деп ойлаймын. Ал егер өткен 2023 жыл туралы сөз қозғайтын болсақ, былтыр 2022 жылдың қаншалықты қиын болғаны туралы айттық. 2023 жылы да сын-қатерлер көп болды. Жеке өз жағдайымда бұл үнемі күйзелісте жүру нормаға айналған жыл болды. Мұнда күйзеліс деп нені айтып тұрмын? Мемлекет саясатында, геосаяси салада, экономикада өте көп күтпеген өзгерістер болды. Бизнес әрдайым жаңа сын-қатерлер мен шындықтарға бейімделуі тиіс болды", – деді Үміт Шаяхметова.
Ары қарай ол экономикадағы оң өзгерістер мен көрші елге салынған санкциялардың Қазақстанға қаншалықты әсер еткеніне тоқталды. Айтуынша, базалық мөлшерлеменің төмендеуі басты жетістіктердің бірі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды, бұлай өмір сүру мүмкін емес
"2023 жылы мейлінше жақсы капитал экономиканың 5 пайыз өсуіне алып келді. Әртүрлі болжамға қарамастан инфляция деңгейі жыл соңына қарай 9-8 пайызға дейін төмендеді. Ең бастысы – банктердің базалық мөлшерлемесі төмендеді. (...). Ақша құнына байланысты Ресей кәсіпкерлерінде болған басымдық бүгінде оларда жоқ. Бірақ курсқа байланысты төрелік бар. Менің ойымша, бүгінде теңге курсы тым нығайтылған сияқты, осының есебінен ресейлік кәсіпкерлерге импорттары Қазақстан нарығына түскен кезде басымдық беріледі. Жалпы 2023 жылы жағдайдың тұрақталғанын көріп отырмыз. Қазақстанның экономикалық өсімі біз үшін де, банктер үшін жақсы нәтиже көрсетті. Оның үстіне санкция сақтау мәселесі де болған еді", – деп қосты Үміт Шаяхметова.