Тұрғын үйді алғашқы немесе екінші нарықтан, пайдалануға берілген және "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысаннан алуға болады.
Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі Ulytau zhastary тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Жаңа жоба Ұлытау облысының жас мамандарына қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыруға 750 млн теңге бөлінген, оның 500 млн теңгесін – Ұлытау облысының әкімдігі, 250 млн теңгесін Отбасы банк бөлді.
Несие шарттары:
- Несиенің ең жоғарғы сомасы – 20 млн теңге (егер мүліктің құны 20 млн теңгеден асатын болса, онда айырмашылықты қатысушы өз қаражаты есебінен, банктің ағымдағы шотына қосса болады);
- Алғашқы жарна – кем дегенде 10%;
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%);
- Несие беру мерзімі – 19 жылға дейін;
- Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы немесе екінші нарықтан, пайдалануға берілген және "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысаннан алуға болады.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жасы 18-ден 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Ұлытау облысының тұрғыны;
- Үміткерлердің өтініш берген кездегі ресми жұмыс өтілі бекітілген бір салада соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс;
- Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы бір жыл бойы облыста тұрақты тіркеуі болуы қажет;
- Қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.
Оқи отырыңыз: Жастарға арналған ипотека, несие, грант, оқу, стипендия және сыйлықтарға шолу
Несиелендіруге келесі қызмет салаларының жас мамандары қатыса алады:
- Денсаулық сақтау – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері;
- Білім беру – білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (соның ішінде мемлекеттің қатысуы 100% құрайтын АҚ және КЕАҚ) педагогикалы ұжымы;
- Мәдениет – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандандырылған қызметкерлері;
- Спорт – мемлекеттік ұйымдарда қызмет істейтін спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;
- Бұқаралық ақпарат құралдары – ресми тіркелген БАҚ-ның штаттық қызметкерлері;
- ЖОО – жоғары оқу орындарының қызметкерлері;
- Әлеуметтік сала – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
249
-
0
-
3
-
-
2Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
254
-
0
-
2
-
-
3🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
264
-
0
-
9
-
-
4🔥⛽️ Петропавлда жанармай құю бекеті өртенді
-
259
-
0
-
4
-
-
5Қайтыс болған азаматты жерлеуге мемлекет қандай көмек береді?
-
256
-
0
-
4
-
-
6😱Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды
-
255
-
0
-
6
-
-
7Алматы облысында тұрғындардың
-
243
-
0
-
1
-
-
8👀Батыс Қазақстан облысындағы Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін
-
230
-
0
-
1
-
-
9💬Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті Қарағанды маңындағы ұшақ апатының ықтимал себептерін атады
-
250
-
0
-
4
-
-
10Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады
-
240
-
0
-
2
-