Ұлытау облысының тұрғындарына көмір жеткізу және сатумен негізгі 2 оператор айналысады. Олар: Жезқазған қаласының "Феррит и К" ЖШС, Жаңаарқа ауданы "Мирас" ЖК.
Халықтың (221 мың адам) отын базасынан көмірге жалпы қажеттілігі жылына 20,4 мың тоннаны құрайды ("Ferrit и К" ЖШС – 7,5 мың тонна, "Мирас" ЖК – 12,5 мың тонна). 2022-2023 жылдар аралығында халықтың тұтыну мөлшері 20 мың тоннаны құрады.
Есептік күн бойынша отын базаларында 150 тонна көмір бар. Оның ішінде Шұбаркөл көмірі – 130 тонна, оның орташа бағасы тоннасына 17 150 теңге; "Ferrit и К" ЖШС-де – 110 тонна, бағасы тоннасына 17 500 теңге; "Мирас" ЖК-де – 20 тонна, бағасы тоннасы 16 800 теңге; Қарағанды көмірі – 20 тонна, бағасы тоннасына 14 500 теңге (Ferrit и К" ЖШС).
Өткен жылмен салыстырғанда халық тұтынатын көмір бағасы 13 пайызға өскен. (Шұбаркөл көмірінің бағасы тоннасына 15 500 теңге, Қарағанды көмірінің бағасы тоннасына 14 200 теңге)
Қазіргі таңда көмір сату орындарында халық тұтыну мөлшеріне сәйкес отын қоры жеткілікті.