Ұлытау облысының прокурорлары 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының сайты.
Прокурорлар жерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.
Атап айтқанда, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
"Кадастрлық құны 147 миллион теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", – деп жазылған хабарламада.