Ұлытау облысы жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Өңірде конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланған шара болды.

Ұлытау облысында аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен "Әділетті Конституция – қуатты мемлекет" атты жиын өтті. Өңір басшысы 15 наурыздағы республикалық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті. Сонымен қатар 13 ақпаннан бастап өңірде "Әділ, прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалициясы жұмысын бастағаны айтылды.

Коалиция құрамына бес саяси партия филиалы – Amanat, Қазақстан Халық партиясы, Ауыл, Ақ жол, Respublika, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енген.

Отырысқа қатысушылар конституция жобасына енгізілген өзгерістердің құқықтық негіздері туралы баяндама жасады. Бүгінде облыста референдумға қатысты кешенді ақпараттық науқан белсенді жүргізілуде. 

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария талқылаудан өткеніне ерекше назар аударылды. Әрбір азаматтың өз пікірін білдіру мүмкіндігі заңдылықты нығайтып, заманауи талаптарға сай шешімдер қабылдауға жол ашқаны айтылды.

Кездесу соңында облыс әкімі конституциялық реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамдық келісім мен әр азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екенін атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз