Түркістан облысында немересіне қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікпен нағашы атасы тергеуге алынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Шәмші Қалдаяқов ауылында болған. Полицияға баланың анасы "ұлымды туған әкем зорлады" деген арызбен жүгінген. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты нақты қорытынды арнайы сот-медициналық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.
Динара Зәкиева мәліметінше, 8 жастағы бала арнайы орталыққа орналастырылып, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
"Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші уақытша балаларға арналған орталыққа жатқызылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдай менің жеке бақылауымда", – деді ол.
Іс Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары тарапынан тексеріліп жатыр.
USD:
457.9 / 460.7
EUR:
535.5 / 540.5
RUB:
5.95 / 6.07