Тікелей эфир

Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы ауысты

Еркін Ботақанов мемлекет басшысының өкімімен бұл лауазымнан босатылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын ауыстырды.

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Ботақанов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылып, бұл лауазымға Аңсаған Балтабеков тағайындалды.

Еркін Ботақанов бұл лауазымды 2022 жылғы 19 қаңтардан бері атқарған еді. Аңсаған Балтабеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары