Бұл үшін зерттеушілер өзінің ғалым екенін дәлелдеуі қажет.
15 қазан күні халық санағы аяқталғаннан кейін деидентификацияланған ақпарат зерттеуші ғалымдар үшін қолжетімді болады. Бұл үшін екі талапты орындау қажет, деп мәлімдеді ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.
Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова санақ нәтижесінде жиналған мәліметтерді көшіріп алып, өңдеуге мүмкіндік беруді Facebook желісінде жазған постында сұраған болатын.
"Жауапты орган статистикалық жинақтар шығарып, нəтижесін жариялайтыны белгілі. Əлеуметтанушы, зерттеуші ретінде санақ нəтижесінде жиналған мəліметтерді көшіріп алу, өңдеу мүмкіндігі берілсе деген ұсыныс бар. Адамдардың жеке басына қатысты деректерді жасырып, əлеуметтік, тұрмыстық жағдайына қатысты ақпараттың ғалымдарға қолжетімді болуы болашақ зерттеулерге сүбелі үлес қосар еді. Бұл зерттеушілердің өз бетінше гипотеза жасап, оны тексеруіне не дəлелдеуіне жол ашып, ауқымды мəліметтер базасына айналары сөзсіз", – деп жазды Айсұлу Молдабекова өзінің Facebook парақшасында.
Осы орайда бюро басшысы Нұрболат Айдапкелов биыл ғалымдарға санақ нәтижесі қандай жағдайда қолжетімді болатынын түсіндірді. Айтуынша, бұл үшін зерттеушілердің өзінің ғалым екенін дәлелдесе жеткілікті.
"Халық санағының қорытындысы статистикалық ақпараттардан тұрады. Бұл өтінішке қатысты бізде арнайы талаптар бар. Ғылыммен айналысатын институттар мен ғалымдар үшін санақ базасы қолжетімді болады. Бірақ әрбір жеке адам бойынша емес, жалпылама деидентификацияланған түрде. Сол себепті мұнда ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Базаны өңдеген соң оны арнайы кесте күйінде интернет сайтта жариялаймыз. Ал оны өзінің ғалым екенін дәлелдеген азаматтар IP қызмет арқылы жүйемізге кіріп алады", – деп түсіндірді Нұрболат Айдапкелов.
Еске салсақ, Қазақстанда әкелердің 2 пайызы ғана балаларымен бірге серуендейтіні белгілі болған еді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-