Отырыс 15 наурызға жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурыз күні Атырау қаласында өтеді, деп хабарлады Akorda.
Еске салайық, биылғы қаңтарда Ұлттық құрылтай құрамы жаңарды. Құрылтай келесі жаңа мүшелермен толыққан болатын:
- Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
- "Қазақстан корейлер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
- Қазақстанның Еңбек Ері, № 7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
- Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
- Басқарма төрағасы - Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
- жеңіл атлетика спортшысы Айсұлу Сүлейменова;
- дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
- Тележүргізуші, "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.
Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтай жалпыұлттық бірлікті бекіте түсті