Тікелей эфир

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауқымды арнайы операциясы: қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды

Олар Қытаймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда жұмыс істеген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті түрлі топтың 72 мүшесін ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.

«Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді», – деп жазылған хабарламада.

Топтар өз әрекеттерін:

  • Қытаймен («Қорғас» ХШЫО);
  • Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті);
  • Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.


Оқи отырыңыз: "Автомат, тапанша, граната тәркіленді". Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.


 

Серіктестер жаңалықтары