Академия республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ұлттық ғылым академиясы енді республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Академия келесі жұмыстармен шұғылданады:
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
- ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіру;
- ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
- ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
- ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
- ғылымды танымал етуге қатысу.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Ғылыми кітапхананы дербес мекеме етуді ұсынды
Биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын.
Академиктердің ұсынысы бойынша Үкімет ҰҒА-ны трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оның негізгі міндеті Академия қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-