Тікелей эфир

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Бауыржан Құдайбергенов осы уақытқа дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Ұлттық экономика вице-министрі болып  бұған дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарған Бауыржан Құдайбергенов тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Үкімет қаулысымен Құдайбергенов Бауыржан Әлібекұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ол осы уақытқа дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары