Іс-шара барысында қала жастары қоғамдық көліктерге мініп, жолаушыларға ұлттық өнердің көркем үлгісін паш етті. Олар қазақтың күйлерін орындап, халық әндері мен жыр-термелерін шырқап, қоғамдық көлікті рухани өнер алаңына айналдырды.
Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасында домбыра өнерін насихаттау, халқымыздың бай мәдени мұрасын кеңінен таныту және ұлттық рухты нығайту.
Домбыраның күмбірлеген үні мен Каспийдің толқыны үндесіп, қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Көпшілік өнерпаз жастардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, ұлттық аспаптың құдіретін тағы бір мәрте сезінді.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнеріміз өркендеп, қасиетті домбыраның үні әр шаңырақтан естіліп, рухани құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін!