Тікелей эфир

Ұлттық банк жаңа алтын және күміс монеталарды айналымға шығарды

Алғаш рет инвестициялық монеталар екі нұсқада шығарылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 8 қарашада «Көшпенділердің тотемдері» сериясынан KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа KÓKBÓRI инвестициялық монеталары – ALTYN BARYS және KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарына ҚР Ұлттық банк жүргізген ребрендингтің нәтижесі.

"KÓKBÓRI дизайнында «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған. Эксклюзивті дизайн KÓKBÓRI инвестициялық монеталарын тек инвестициялық тұрғыдан ғана емес, жинау және сыйға тарту үшін де тартымды ете алады", – деп жазылған хабарламада.

Инвестициялық монеталар алғаш рет бірнеше нұсқада шығарылатын болды:

  • proof сапада алтыннан дайындалған номиналдар – 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік (қорғаныш элементтері, лимитті таралым, кәдесый орамасы).
  • uncirculated сапада алтыннан дайындалған номиналдар – 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік.
  • uncirculated сапада күмістен дайындалған номиналдар – 1, 2, 5 және 10 теңгелік.
  • proof сапада күмістен дайындалған номиналдар – 1, 2, 5 және 10 теңгелік (қорғаныш элементтері, лимитті таралым, кәдесый орамасы).

Инвестициялық монеталарды шығарудағы негізгі мақсат – халыққа бағалы металдарға  жинақ және/немесе инвестициялаудың балама құралын ұсыну.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк 200 теңгелік қағаз ақша шығаруды тоқтатады


Инвестициялық монеталардың ерекшеліктері:

  • ұзақмерзімді перспективада инвестициялық табыс табуға болады;
  • монеталарды сатып алу кезінде қосымша құн салығы болмайды;
  • бағалы металдың құрамы 99,99% құрайды (сынамасы 999,9).

Еске сала кетейік, барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, шектеусіз ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.


Оқи отырыңыз: 200 және 1000 теңгелік монетада Балқаш алабұғасы бейнеленді


Инвестициялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалды.

Серіктестер жаңалықтары