Тікелей эфир

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы: Бізде кітапхана туралы заң жоқ

2022 жылы 24 қазанда Қазақстанда кітапханашылар күні тұңғыш рет мерекеленді.

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Құдайберген Aiqyn басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы кітапханашылардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда кітапхана туралы заңның болмауы кітапханашылардың мәртебесін көтеру мәселесінде үлкен кедергі болып отыр. 

"2022 жылы мереке алғаш рет тойланды. Бұл мереке кітапхана­шының мәртебесін көтереді. Дегенмен бізде кітапхана туралы заң жоқ. Кітапхана туралы заң қабылданса немесе "Мәдениет туралы" заңның ішіндегі кітапхана туралы бөлікке өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, кітапханашының мәртебесі көтерілер еді. Мәртебе көтерілуі үшін ең бірінші жалақысы жоғары болуы керек", – деді Ғазиза Құдайберген. 


Оқи отырыңыз: 


Ұлттық академиялық кітапхана басшысы, сондай-ақ Қазақстанда кітапханашыларды дайындауда да мәселе көп екенін айтты. 

"Кітапхана­шы­лардың негізгі құрамын Алматыдағы Қыз­дар педагогикалық университеті дайын­дайды. Бірақ, биыл кітапханашы мамандығына өте аз грант бөлінді. Қазір кітапханашыларды дайындайтын маман жетпейді. Оған қоса, кі­тапханашыларды заман талабына сай да­йындауымыз керек. Мәсалы, әлеуметтік желі қарқынды дамып жатыр. Бұл саланы игеру үшін кітапханашы әрі SMM маман, әрі мобилогроф, әрі фотограф та болуы керек. Сосын кітапханашыларды "Болашақ" бағдарламасымен шетелде тәжірибе алмасуына жағдай жасауымыз қажет", – деді кітапхана басшысы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары