USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды

Жылдық инфляция осы шілде айында 8,6 пайызға дейін өсті.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банктің ақпаратынша, шілде айында инфляция аздап өссе де, Ұлттық банктің болжамы аясында қалыптасты. Өткен айда инфляция 8,6%-ға дейін барған.

"Ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5 пайыздық мақсатқа жету ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт бойы ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтаудың жоғары ықтималдығына себепші болып отыр", – деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 11 қазанда Астана уақытымен сағат 12.00-де жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау