USDUSD: 510.5 / 512.9
  • EUREUR: 582.0 / 586.0
  • RUBRUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеу – Тоқаев

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтауға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді, деп хабарлады Aqorda Тelegram арнасы

Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті. 

"Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу", – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше әскери қызметшіні "Айбын" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапаттады


Президент әлемдік деңгейдегі дағдарыстар әрдайым сын-қатерге толы болғанымен, дамудың жаңа көкжиегін ашатынын да айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, көлік-логистикалық және адами әлеуетін нығайтуға ықпал ететін нақты стратегиялық бағыттарды атады. Ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифрландыру жоспары еліміздің экономикалық саясатының басты бағыттары болып қала береді. 

"Халық алдындағы негізгі әлеуметтік міндеттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз", – деді президент.

Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. 

Серіктестер жаңалықтары