Тікелей эфир

"Үкімет халыққа 140 мың теңге беріп жатыр". Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Министрлік бұл ақпараттың фейк екенін мәлімдеп отыр.

Қазақстанда барлық азаматқа 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Еңбек министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан бұл ақпараттың фейк екенін мәлімдеді.

"Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, сізге осындай төлем алу үшін сілтемеге өтіңіз деп хабарлама келсе, оны ашпаңыз. Өйткені, ол сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алып алатын тәсіл болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары