USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы су бөгетін қайта жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлді

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Бұл ақшаға бөгет қана жөнделмей, маңайындағы жолдар қайта жаңарып, бөгеттің айналасы абаттандырылады.

Үкімет 2024 жылғы су тасқыны кезінде бүлінген бөгетті қайта жөндеу үшін 1,4 млрд теңге жұмсайтын болды, деп хабарлайды Үкімет.

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды", – деп хабарлайды үкімет.

Бұл ақшаға бөгет қана жөнделмей, маңайындағы жолдар қайта жаңарып, бөгеттің айналасы абаттандырылады. 

"Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізуде. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91% құрайды", – деп хабарлайды үкімет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз