Үкімет оқушыларды қосымша біліммен 100 пайыз қамтуды жоспарлап отыр

Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде балаларға арналған 218 сауықтыру орталығы жұмыс істейді, олардың 120-сы – мемлекеттік, 98-і – жеке меншік. 2027 жылға дейін барлық облыста заманауи оқу-сауықтыру орталықтары ашылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқу-сауықтыру орталықтарының ашылуы балаларды қамту көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтады. Жазғы орталықтардағы көрсеткіш жыл сайын 25%-ға өседі деген жоспар бар (2022 жылы аталған орталықтарда 178 мың бала демалды). Ал жыл бойы жұмыс жасайтын орталықтардағы қамту көрсеткіші 2 есе өседі. 

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар қосымша біліммен 100% қамтылады. Бұл көрсеткішке ірі қосымша білім беру нысандарын салу арқылы ғана емес, осы мақсаттарға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңмен ұлғайту арқылы қол жеткізілмек. Сонымен қатар ауыл мектептерінде комьюнити-орталықтар ашу және ескі мектептен тыс ұйымдарды жаңғырту жоспарланып отыр.


Оқи отырыңыз: Қаржы министрлігі "Ұлттық қор – балаларға" жобасын қалай жүзеге асыратынын таныстырды


"Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша осы мақсатта Жол картасын бекітіп, жер учаскелерін бөлу шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ қысқа мерзімде балалар сауықтыру орталықтары мен ірі қосымша білім беру объектілерін салу, ескі объектілерді реконструкциялау немесе қайта форматтау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу міндеттелді" делінген Үкіметтің ресми хабарламасында.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз