Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Каспийдің экологиялық тұрақтылығына ғылыми қолдау күшейтіледі.

Президенттің Каспий теңізін кешенді зерделеу, сақтау және өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаржы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, теңізде мониторинг жүргізуге арналған негізгі жабдықтар сатып алынып, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханалар заманауи құралдармен жарақтандырылады. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүріп жатқан үдерістер бойынша ғылыми негізделген дерекқор қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институты халықаралық ғылыми қоғамдастықпен ықпалдастықты күшейтіп, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына мүше болды. Бұл тиімді экологиялық шараларды бірлесіп әзірлеуге жол ашады. Қаулыны іске асыру мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз